Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

0
245

Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оның денесіне зақым келтірген.


Алматыда қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адам қамауға алынды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған 66 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп жазады zakon.kz.

Белгілі болғандай, автобус жолаушылары арасындағы жанжал өткен күні орын алған.

Әйелдің дауысын қатты шығарып сөйлегеніне наразы болған жолаушы оның денесіне зақым келтірген.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", — деді, Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Батұржан Әбдумасаров.

Алматы қалалық полиция Департаменті заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету басты міндет болып қала беретінін баса айтады.

"Әрбір азамат заңдылық пен тәртіптің мүлтіксіз сақталатынына, кез келген заңсыз әрекеттерге тиісті құқықтық бағасын алатынына сенімді болуы керек."Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға 126 автобуста, Төле би – Тұрғұт Өзал көшелерінің қиылысында болған. Жанжалға жолаушылардың бірінің телефон арқылы қатты сөйлесуі түрткі. Ер адам оған ескерту жасайды, содан кейін оның өз сөзін елемегеніне наразы болып, орнынан тұрады. Әйелдің сыртқы киімінен ұстаған ол оны автобустан шығаруға тырысады. Ол қарсылық көрсетіп, оны итеріп жібереді. Сол кезде ер адам оған соққы берді.