Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында орналасқан "Шахристан" тұрғын үй кешенінде болған.
ERNUR.KZ. Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде белгісіз ер адам 12-қабаттан секіріп, өлмек болды. Әйтсе де, ол аман қалды, деп хабарлайды exk.kz
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында орналасқан "Шахристан" тұрғын үй кешенінде болған. Өте биіктен секірген азамат көлік үстіне құлап тірі қалды. Оны жарақатына байланысты ауруханаға жеткізген.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құдай сақтап, ер адам аман қалды. Қазір ауруханада ем қабылдауда. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқиға қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.