Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғын тіркелді

0
613

Бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтқан еді.


Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғын тіркелді

ERNUR.KZ. Медициналық ақпараттық жүйелер мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-парақшасында жазды.

"Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық", - деп жазды қала әкімі.

Бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтқан еді. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.

Жасөспірімдерге келетін болсақ, коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады.