Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт ашылады

0
417

Кәсіпорын осы жылдың ​желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған.


Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт ашылады

ERNUR.KZ. Алматыда күн панельдерін шығаратын жаңа зауыттың капсуласы салынды, деп жазады sputnik.kz.

Зауыт "Алатау" инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында салынады. Онда зауыт құрылысына шикізат жеткізу және дайын өнімді тиеп-жөнелтуге ыңғайлы болу үшін ауданы 2 гектардан астам жер учаскесі бөлінді.

Ауданы шамамен 2,5 мың шаршы метр болатын кәсіпорын жыл сайын 250 000 күн модулін шығарады. Бір модульдің қуаты 585 Вт-тан басталады.
Кәсіпорын осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланған.
Зауттың жылдық қуаты – 150 МВт.
Зауыт заманауи жабдықтармен, соның ішінде күн панельдерін құрастыруға арналған автоматты желілермен, лазерлік плазмалық кескіштермен және автоматты дәнекерлеу машиналарымен жабдықталады.
100-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылады.
Жобаның құны 2,1 млрд теңгеден асады.

Жобаның мақсаты – жаңартылатын энергетиканы дамыту және елдегі күн панельдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру.