Алматыда құрылыс краны құлады: жаңа мәлімет айтылды

0
556

Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранын демонтаждау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан бір бөлігі аударылып кеткен.


Алматыда құрылыс краны құлады: жаңа мәлімет айтылды

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматыда құрылыс алаңында құлаған кранға қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Комитет мәліметінше, 26 шілдеде Жетісу-3 ықшамауданы, 55А учаскесінде сағат 17:30 шамасында "Алматау Строй Гарант" ЖШС құрылыс алаңында оқыс оқиға болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранын демонтаждау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан бір бөлігі аударылып кеткен (дұрыс бекітілмеген). Апат салдарынан екі адам зардап шекті, оның ішінде: біреуі қаза болды. Екіншісі бас-ми жарақатын алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Бұл ретте 2021 жылдың қарашасынан бері құрылыстың тоқтап қалуына байланысты кран жұмыс істемей тұрғаны хабарланған. Кран 2021 жылы шығарылған, меншкі иесі - "Поток-8" ЖШС.

Еске салайық, бір күн бұрын Алматыда құрылыс краны тұрғын үй ауласы ортасына құлап, бір адам қаза тапқан болатын.