Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
ERNUR.KZ. Алматыда құрылыс заттарын сататын базардан өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
"18 қарашада 13:56-да Алатау ауданы, көш. Ырысты, 46/2А мекен жайы бойынша 7 минутта жеткен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары құрылыс заттарын сататын сауда дүкендерінде ауданы 80 шаршы метрді өрт шарпығанын көрді. Жалын 5 минуттың ішінде ауыздықталды. Өрт 14:25-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған жедел шаралар өрттің "Бақорда" сауда үйіне таралуына жол бермеді", – дер хабарлады ТЖД.