Борышкер Nur Otan-ның Алматыдағы аудандық бөлімшесі болған.
ERNUR.KZ. "Алматы су" кәсіпорны Nur Otan партиясының Алматы бойынша бөлімшесінің су үшін төленбеген қарызы туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Ұйымның мәліметінше, борышкер Nur Otan-ның Алматыдағы аудандық бөлімшесі болған. Ол жер су ақшасын реквизиттің өзгергеніне байланысты төлей алмаған, бірақ "Алматы су" бұл туралы білмеген.
"Тұтынушы бухгалтериясы төлем туралы шотты алмаған. Қарыз реквизиттер түзетіліп, суық су және кәріз жүйесі үшін төлем құжатын бергеннен кейін төленді", - деп хабарлады "Алматы су" өкілі.
Компания тұтынушылардан реквизит өзгергені туралы уақытылы хабарлауды сұрады.
Еске салайық, бұған дейін "Алматы су" кәсіпорны су ақысын төлемеген ірі борышкер тізімін жариялаған болатын. Коммуналдық қызметтерге төлем жасамағандар тізімінде ҰҚК Шекара қызметі мен полицияның өңірлік департаменттері, Nur Otan партиясының бөлімшесі мен хайуанаттар бағы бар. Борышкерлер тізімінде көрсетілген кейбір ұйым қарызын төлеп үлгерген.