Алматыда Nur Otan партиясының ғимараты өртке оранды

0
474

5 қаңтарында түске қарай "Алматы Арена" маңына бірнеше жүз адам жиналды. Олар жоғары лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуін, кредитті кешіруді және тауарлардың бағасын төмендетуді талап етті.


Алматыда Nur Otan партиясының ғимараты өртке оранды

ERNUR.KZ. Алматы қаласындағы Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы өртеніп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Алты қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатындағы терезелер толығымен сынған. Ғимаратқа тас атылғаны анық көрініп тұр. Сыртта шыны шашылып жатыр. Қабырғасын да бүлдіріп кеткен.

Қазіргі кезде екінші-үшінші қабаттан қалың түтін шығып жатыр. Бірақ оттың жалыны көрінбейді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер де, полиция да көрінбейді.

Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы Төле би даңғылында орналасқан.

Көшеге шыққандар Алматы әкімдігіне барды

2022 жылдың 5 қаңтарында түске қарай "Алматы Арена" маңына бірнеше жүз адам жиналды. Олар жоғары лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуін, кредитті кешіруді және тауарлардың бағасын төмендетуді талап етті.

Наразылық білдірушілер жолдарды жауып, ешкімді өткізбеді.

Бір кезде демонстранттар жедел жәрдем көлігін тартып алып, дауыс зорайтқыш арқылы қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. Олардың көпшілігінің қолында таяқ пен тас, сонымен қатар СОБР қалқандары бар.

Төле би көшесінің бойымен бір топ адам қала әкімдігіне қарай бет алды.

Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында наразылық акциясына шыққандар трамвай рельстерімен жолды жауып тастады.

Қазіргі кезде олар қала әкімдігіне шабуыл жасай бастады. Ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналды. Қолдарына резеңке таяқ ұстап алған.

Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық-шулы гранаталарды атқылап жатыр. Құқық қорғаушылар ғимаратқа қарай ығысты.

Sputnik Қазақстан-ның мәліметінше ашуға мінген ер адамдар бірнеше полицейді соққыға жыққан. Қалқандар мен каскаларын тартып алған.