Ресей Қазақстандағы бас көтерулерді Вашингтон мен Лондонмен байланыстырды

0
549

​Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.


Ресей Қазақстандағы бас көтерулерді Вашингтон мен Лондонмен байланыстырды

ERNUR.KZ. Ресей сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді. Оқиғадан зардап шеккендердің қатарында Ресей азаматтары жоқ екені айтылды. Сол сияқты мемлекеттік дума Қазақстандағы бүліктің себебін атады, деп жазады stan.kz

Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Борис Чернышовтың пікірінше, Қазақстандағы шиеленістерге "Лондон және Вашингтон облыстық комитетінің" қатысы бар. Айтуынша, наразылыққа Қазақстан билігінің Кремльмен ынтамақтастық байланысы себеп болды, деп хабарлады URA.RU Telegram-каналы.

"Қазақстан көшбасшыларының бірлігі, Мәскеумен серіктестік ынтамақтастығы Лондон және Вашингтон облыстық комитетіне ұнамайды. Сондықтан олар қол қусырып отырған жоқ", - деп мәлімдеді Чернышов.

Депутат халықтың алаңға экономикалық себептермен шыққанын, алайда кейіннен наразы топтың саяси лозунгтарды қолдана бастағанын атап өтті.