Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес тарады.
ERNUR.KZ. Алматыда "олигархтардың балалары" арасындағы төбелес тергеліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы караоке-барлардың бірінде болған төбелес тарады. Желі қолданушыларының айтуынша, төбелеске себепші болғандар Қазақстандағы танымал бизнесмендердің ұлдары мен олардың оққағарлары.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды. Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттары мен қылмыстың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Қылмыстық істі Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.