Жеңімпаздар Оңтүстік Кореяда, Қытай және Түркия, Еуропа елдерінде өтетін чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Фото: Freepik
ERNUR.KZ. Турнирге 3 мыңнан астам адам қатысады, соның ішінде Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 20 шетелдік команда бар.
Оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен инновациялық стартаптарын төрт жас санатында ұсынады: First Lego League Discover (4-6 лет), First Lego League Explore (6-10 лет), First Lego League Challenge (10-16 лет), First Tech Challenge (12-18 лет).
Дрондар жарысы мына бағыттар бойынша өтеді:
- Aspan Drone Competition – дронды бағдарламалау және басқару;
- Aspan Cyber Race – VelociDrone симуляторындағы виртуалды жарыс;
- Aspan Drone Race – FPV (First Person View) дрондар жарысы;
Жеңімпаздар Оңтүстік Кореяда, Қытай және Түркия, Еуропа елдерінде өтетін чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
«Бұл беделді жарыс жас инженерлер, бағдарламашылар және өнертапқыштар үшін аса маңызды шара. Қатысушылар тек сайысқа түсіп қана қоймай, түрлі интерактивті іс-шараларға, инженерлік квесттерге қатысып, жүлделер мен естелік сыйлықтарға ие бола алады», – деді «Алматы Дарыны» орталығының директоры Гүлнұр Каримғажы.
Командалар Хьюстон қаласында (Техас, АҚШ) өтетін әлемдік кезеңге жолдаманы сарапқа салады.
Қазақстан былтыр қазан айында Афинада жарыста 190 елдің ішінде робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанып, рекорд орнатты.