Оқиға куәгерлері үйде ешкім жоқтығына сенімді болған.
ERNUR.KZ. Алматыда өртсөндірушілер 14 жастағы қызды аман алып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.
Олар келгенде ғимараттың шатыры өртеніп жатқан. Оқиға куәгерлері үйде ешкім жоқтығына сенімді болған. Бірақ іште жасөспірім болған.
Шығатын жол жабық болған, терезе металл тормен жабылған екен. Құтқарушылар сыртқы есікті ашып, оқушы қызды сыртқа шығарған. Қызды дәрігерлер тексерді, оның өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейді.
Өртсөндірушілер өртті жарты сағатта сөндірді. Қазір тергеушілер өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
"Мамандандырылған жасақ бөлімшелері келгеннен кейін төрт минуттан соң жалпы алаңы 80 шаршы метр болатын шатыры бар үй өртеніп жатқаны анықталды. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр", - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Гүлдана Нұрымбетова.