Алматыда отандық QazVac вакцинасы таусылды

0
419

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі отандық вакцина таусылып жатқанын растады.


Алматыда отандық QazVac вакцинасы таусылды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғындары отандық QazVac вакцинасының жоқ екеніне шағымданды. Оқиғаны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Отандық вакцинаны салғызғысы келетін Алматы тұрғындары екпе пунктерінде QazVac вакцинасының жоқ екенін айтады. Олардың сөзінше, қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі отандық вакцина таусылып жатқанын растады.

"Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.