Алматыда отшашудан 13 адам жарақат алды

0
619

Мереке күндері 103 нөміріне күн сайын 3 мыңға жуық қоңырау келіп түскен.


Алматыда отшашудан 13 адам жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыда отшашудан 13 адам зардап шекті. Оның 3-еуі бала, қалғаны ересек адамдар. Бұл туралы Алматы қаласы Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

"Мереке күндері пиротехникалық бұйымдардан 13 адам зардап шекті: 3 бала, 10 ересек адам. Олардың 9-ы бет пен көздің термиялық және жарылғыш жарақаттарын алған, ал 4-еуінің білегі жарақаттанған. 12 науқас Алматы қаласы стационарларының бейінді бөлімшелеріне жеткізілді»,-деді Жедел медициналық жәрдем қызметі директорының орынбасары Андрей Ложкин.

Мереке күндері жедел медициналық жәрдем бригадалары 3 жүкті әйелді үйлерінде босадырып алған. Артынша келіншектерді стационарға жеткізіпті.

Мереке күндері 103 нөміріне күн сайын 3 мыңға жуық қоңырау келіп түскен. Олардың шамамен 30% - ы жедел жұқпалы ауруларға байланысты. Олардың 50% - дан астамы балаларға қатысты көмек сұрағандардан келіп түскен қоңыраулар екен. Ал 10% – ы жазатайым оқиғаларға қатысты жедел-жәрдемді шақыртқан.