Алматыда полицейлер әйел адамды қағып кетті

0
773

Куәгерлердің айтуынша, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан егде жастағы әйел апат салдарынан зардап шекті.


Алматыда полицейлер әйел адамды қағып кетті

ERNUR.KZ. Алматыда полиция көлігі әйелді қағып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Төле би мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында "Тастақ" базарына жақын маңда болды. Куәгерлердің айтуынша, рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан егде жастағы әйел апат салдарынан зардап шекті. Ол әр түрлі дене жарақатын алған. Зардап шеккен әйелді жедел жәрдем алып кетті.

Instagram желісіндегі @kris.p.almaty пабликте оқиғаның видеосы жарияланды.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

"Бұл ЖКО бүгін сағат 9.45-те Алмалы ауданында болды. Жеке басы әлі анықталмаған әйел Төле би даңғылын кесіп өтпекші болған. Ол жол бойында тұрған автобустан айналып шыға бергенде, Hyundai маркалы полиция автокөлігіқаққан. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді", - деді полиция департаментінің өкілдері.

Сондай-ақ, жол-патрульдік полициясының экипажы қызметтік міндеттерін атқарып жүрген.

Алматыда қыркүйектің 3-нен 4-не қараған түні полицейлердің қатысуымен тағы бір жол апаты болды. Ешқашан жүргізушілік куәлігі болмаған көлік тізгініндегі адам жол-көлік оқиғасы болуына себепші болды.