Алматыда санитар патрульдер пайда болады

0
2 596

Олар қала тұрғындарының әлеуметтік қашықтықты және бетперде тағу режимін сақтауын бақылайды.


Алматыда санитар патрульдер пайда болады

ERNUR.KZ. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин әлеуметтік қашықтық пен бетперде тағу режимін сақтау ережесін бақылау үшін санитар патрульдер құруға қаулы етті, деп жазады Tengrinews.kz.

"Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 шаршы метрден астам сауда нысандарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) келушілердің өз объектілерінде әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитариялык патрульдерді қалыптастыру ұсынылсын", - делінген қаулыда.

Қаулы 2021 жылы 9 наурызда 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Еске салайық, Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды.