Алматыда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

0
1 149

«Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.


Алматыда сауда үйінен адамдар эвакуацияланды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін ғимараттан адамдар шұғыл эвакуацияланды, деп жазады inform.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін таңғы сағат 09:59 шамасында жедел басқару орталығына «Адем» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

«Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында ғимаратта тексеру жүргізді. Келушілер мен сауда үйінің қызметкерлері эвакуацияланды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғанындай, ғимаратты тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылған жоқ.

«Қазір полиция жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады», - деді Салтанат Әзірбек.