Алматыда «Сергек» сегіз күнде 42 миллион теңгеге айыппұл салды

0
687

Сегіз күннің ішінде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген.


Алматыда «Сергек» сегіз күнде 42 миллион теңгеге айыппұл салды

ERNUR.KZ. Алматыда жаңадан іске қосылған 400 «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге айыппұл салды, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның хабарлауынша, мегополисте сегіз күннің ішінде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Әкімшілік құқықбұзушылықтар көбіне жылдамдықты асырумен баланысты (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым). Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын да атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Сергек» жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілері мен жолақтарды елемеу, көлікті тоқтату ережесі және көлік құралдарын тұраққа қою, сондай-ақ қоғамдық көлікке арналған жолмен жүру деректерін тіркейді.

Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізушілерден мегаполис жолдарындағы жол ережелерін сақтауға шақырады.