Алматыда шетелдік қылмыстық топ мүшелері ұсталды

0
2 463

2019 жылы топ мүшесінің бірі Қазақстан құқық қорғау органдарымен жауапқа тартылып, елден шығарылғаны белгілі болды.


Алматыда шетелдік қылмыстық топ мүшелері ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Алматыда шетелдік қылмыстық топ мүшелірі ұсталғанын хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.

"2021 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті полициямен бірлесіп трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ (ТҰҚТ) қызметіне жол бермеу бойынша арнайы операция жүргізді. Үш ер адам ұсталды. Олардың екеуі - Тәжікстан азаматы және біреуі - Грузия азаматы. Олар қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға дайындық кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметіне сүйенсек, қылмыстық ниеттерін жүзеге асыру үшін трансұлттық ҰҚТ мүшелері шекарадан заңсыз өтіп, Қазақстан аумағында жасырынған.

2019 жылы топ мүшесінің бірі Қазақстан құқық қорғау органдарымен жауапқа тартылып, елден шығарылғаны белгілі болды.

"Ұсталғандар бұрын бірнеше рет сотталған. Олардың бірі Ресейде екі адамды өлтіргені үшін жазасын өтеген. Қалған екеуі қылмыстық ортада (заңдағы ұрылар) ерекше мәртебеге ие және "заңдағы ұры" Азиз Батукаевпен (Азиз), Давид Герлианимен (Дато Сван, ҰҚК 2017 жылы жауапқа тартқан) және басқалармен байланыста болған", - деп қосты комитет өкілдері.

Ұсталғандардан екі тапанша, оқ-дәрілер, бірнеше суық қару және қылмыс жасауға арналған басқа да қарулар мен құралдар табылып, тәркіленді.

Құқық қорғау органдары топ мүшелері Алматыда тәжік диаспорасы кәсіпкерлеріне тиесілі ломбардтар, ақша айырбастау пункттерінен ақша алып отыру схемасын құрып, сондай-ақ тұрғын үйлерге бірқатар қарақшылық шабуыл жасау, тұрақты қылмыстық топ құру ниетті болғанын айтты.

"Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-ның 287-бабы, 3-бөлігі ("Заңсыз қаруды сақтау"), 392-бабы ("Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту") бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Істің мән-жайын анықтау, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеру жөнінде жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп қорытындылады ҰҚК өкілдері.