Зейнеткерді соққыға жыққан 1972 жылғы ұлы екен.
ERNUR.KZ. Алматыда әйелді таяқпен сабаған ер адамға қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Прокуратура мәліметінше, зейнеткерді соққыға жыққан 1972 жылғы ұлы екен.
"Дерек 3 мамырда Алатау ауданы ПБ-ға тіркеліп, 1972 жылғы С.А.В-ға қатысты 1948 жылғы анасы С.Н.И-дің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді прокуратура өкілдері.
Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу барысы прокурордың жеке бақылауында.
Еске салайық, оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода алдымен екі әйел арасында жанжал шыққаны, кейін бір ер адам шығып, зейнеткерді ұра бастағаны көрінеді. Алматы полициясы тексеруді 1 мамырда бастаған.