Ол борышкер азаматтан елімізден тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр.
ERNUR.KZ. Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деп күдіктелуде, деп жазады ҚазАқпарат.
«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.
2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.