Алматыда соты болып жатқан Қуат Хамитов Ресейде жүр

0
2 499

22 қаңтарда спортшы Магнитогорсте өтетін AMC Fight Nights турниірнде ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығады.


Алматыда соты болып жатқан Қуат Хамитов Ресейде жүр

ERNUR.KZ. Алматыда сот процесі өтіп жатқан қазақстандық файтер Қуат Хамитов Ресейде жүр, деп жазады zakon.kz.

22 қаңтарда спортшы Магнитогорсте өтетін AMC Fight Nights турниірнде ресейлік Алексей Ильенкомен жекпе-жекке шығады.

"Салмақ қуа бастадық", - деп жазыпты Хамитов Instagram желісінде, Магнитогорсктегі жаттығу залында суретке түсіп.

Айта кетсек, 20 қаңтарда сот отырысы болмады, өйткені Қуат Хамитов отырысқа қатыспады. Адвокаттың айтуынша, бұған Қуат Хамитовта интернет байланысының өте нашар болуы себеп. Осыған байланысты адвокат сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Оны прокурор қолдап, басты күдіктінің қатысуынсыз процесті жүргізудің мағынасы жоқ екенін атап өтті.

Нәтижесінде судья сот отырысын кейінге қалдырды, оның мерзімі кейінірек белгілі болады.

Сот отырысы 18 қаңтарда басталды. Қуат Хамитов Республика Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі, яғни "Мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртіпсіздікке шақыру немесе арандату, сондай-ақ азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетуге шақыру" бойынша айыпталуда.