Алматыда сұмдық жағдай: Ер адам қызы мен оның күйеуін атып өлтіріп, өз-өзіне қол салды

0
950

Алматыда отбасылық жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтірген соң, өз-өзіне қол салған.


Алматыда сұмдық жағдай: Ер адам қызы мен оның күйеуін атып өлтіріп, өз-өзіне қол салды

ERNUR.KZ. Үш адам көз жұмған оқиға Түрксіб ауданы Сейфуллин даңғылының бойындағы үйлердің бірінде болды, деп жазады sputniknews.kz.


"Алпыс тоғыз жастағы ер адам отбасылық жанжалдан кейін 33 жастағы күйеу баласы мен 41 жастағы қызын атып өлтірді. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсады", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, қару өзіне қол салған ер адамның атына тіркелген.

Қайғылы жағдайдың басқа да жағдайлары анықталуда.

Куәгерлердің айтуынша, Сейфуллин даңғылының бойындағы көлік қозғалысы шектеліп, оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметі жұмылдырылған.