Алматы полициясы жүргізушіні қала мен бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда полицей көлікті тұраққа қою ережесін бұзған жүргізушіге хаттама толтырмақ болғанда, ер адам қарсылық танытып, қашпақ болып, полицейді екі жүз метрге сүйреп әкеткен, деп жазады sputniknews.kz.
Оқиға Мақатаев және Пушкин көшелерінің қиылысында болған.
Көлікті тұраққа қою ережелерінің орындалуын қадағалауға шыққан полицей қара кроссовердің жүргізушісіне жақындап, құжаттарын көрсетуді сұрайды. Ер адам тәртіп сақшысының айтқанын орындаудың орнына, рөлді бұрып, газды басады.
Полицей көліктің есігіне жармасып үлгеріп, екі жүз метр жүргеннен кейін ұшып түскен.
Инспектр әртүрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Көлік пен тәртіпбұзушыны қала мен бүкіл облыс бойынша іздеп жатыр.