Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды

0
70

​19 және 21 жастағы қыздарға сот әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады..


Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды

ERNUR.KZ. Алматыда 19 және 21 жастағы екі қыз TikTok-та бірге тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады қалалық полиция.

Полиция қызметкерлері эфирдің автокөлік базары аумағында түсірілгенін анықтаған. Қыздардың жеке басы анықталып, материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

“ Қоғамдық орындар, соның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы әрекет тіркеліп, қатысушылардың жеке басы анықталды. Одан кейін материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза қолдану туралы шешімді сот қабылдады “, – деп атап өтті полиция.

Полиция әлеуметтік желілердегі қоғамдық тәртіпті бұзу да жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске салды.