Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат пен оқ-дәрілер тәркіленген.
Фото: видеодан алынған скрин
ERNUR.KZ. Алматыда түнгі уақытта оқ атылғанға ұқсас дыбыстар естілген, деп жазады inform.kz.
- Тексеру барысында күдік тудырған автокөлік тоқтатылып, оның жүксалғышынан сыртқы белгілері бойынша тапаншаға ұқсас зат және оған арналған оқ-дәрілер табылды. Көлік иесінің айтуынша, аталған құрылғы белгі беру мақсатындағы құрал болып табылады және қаңғыбас жануарларды үркіту үшін пайдаланылған, - деп хабарлады полициядан.
Сондай-ақ оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, табылған зат пен оқ-дәрілер тәркіленген. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.


