Алатау аудандық полиция басқармасы зорлық белгілері жоқ мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
ERNUR.KZ. Алматының Алатау ауданында мәйіт табылды, деп жазады inform.kz.
Әлеуметтік желіде «Alatau city» тұрғын үй кешені маңында адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы зорлық белгілері жоқ мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
— Алдын ала мәліметтер бойынша тұрақты мекенжайы жоқ адамның өліміне өткір жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.