​Алматыда ұл балалар жиі дүниеге келеді

0
2 626

Ғалымдардың зерттеуінше, дүниеге келетін баланың ұл не қыз болуы кездейсоқ дүние. Ешқандай құрал, диагностикалық аппарат алдын ала кім жаралатынын көрсете алмайды.


​Алматыда  ұл балалар жиі дүниеге келеді

ERNUR.KZ. Алматыда қыз балаларға қарағанда ұлдар жиі дүниеге келе бастады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Былтыр 1 ақпан мен 6 наурыз аралығында 3840 қыз туған. Биыл 3822 қыз бала дүниеге келді. Яғни, 18 балаға аз. Ал ұлдар керісінше, 2018 жылы 4160 болатын. Биыл 4165 ұл бала дүние есігін ашты. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 5 ұлға артты»,- деді ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Алматы бөлімшесінің директоры Гүлнәр Ысқақова.

Сәйкесінше, қыздардың саны ұлдардан 8 пайызға аз. «Бұған дейін қыздар көп туылатын. Уақыт өте келе тенденциялар өзгеріп тұрады. Соңғы жылдары ұл балалар жиі дүниеге келе бастады», - деді Г.Ысқақова.

Ғалымдардың зерттеуінше, дүниеге келетін баланың ұл не қыз болуы кездейсоқ дүние. Ешқандай құрал, диагностикалық аппарат алдын ала кім жаралатынын көрсете алмайды.

Мәлім болғандай, көбіне ер балалардың эмбриондары мерзіміне жетпей шетінеп жатады. Ал қыз балалар барынша төзімді келеді екен.