Алматыда «Winter Family Party» фестивалі өтеді

0
1 135

Барлық келушілерге фестивальге кіру тегін болады


Алматыда «Winter Family Party» фестивалі өтеді

ERNUR.KZ. Алматыда «Winter Family Party» отбасылық қысқы фестивалі өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Фестиваль 22-23 желтоқсанда «ATAKENT» Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығының алдындағы Алматы тиіні арт-нысанасы орналасқан алаңда өткізіледі.

«Біз Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын «WINTER FAMILY PARTY» қысқы фестиваліне шақыруға қуаныштымыз! «Атакент» маңындағы тиін тұрғындардың ең сүйікті демалыс орнына, алматылықтар үшін тартылыс орнына айналды. Ашық отбасылық қысқы фестиваль - қалалық инфрақұрылымды дамыту, қалада өмір сүру сапасын жақсарту және еліміздің туристік әлеуетін арттыру жолындағы қисынды қадам болып табылады», - деді ұйымдастырушылар өкілі, Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова.

Сонымен қатар, желтоқсан айының басында тиіннің маңында тегін қалалық мұз айдыны ашылды. Ол қыс бойы жұмыс істейтін болады. Жанында қысқы сырғанақ төбе, лабиринт салынады, фуд- аймақ және қазақстандық қолөнершілермен жасалған кәдесыйлары бар дүкендер орнатылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағдарламасы отбасылық аудиторияға да, барлық азаматтарға да арналған көптеген іс-шараларды қамтиды.

Барлық келушілерге фестивальге кіру тегін болады. Мұз айдынында мәнерлеп сырғанаушылардың көрнекі өнер көрсетулері болады, фестивальдің сахнасында баламалы музыканының қазақстандық орындаушылары өнер көрсетеді. Би әуесқойлары үшін зумба-марафон, ал театр сүйер қауымға - қалалық тәуелсіз театрлардың қойылымдары мен көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасы түрлі шеберлік-сыныптары мен жүлделі байқауларға толы болмақ. Х.Есенованың айтуынша, осындай мерекелік қалалық тартылыс орындары Панфилов көшесінде және Абай алаңында ұйымдастырылатын болады. Қаланың басты Шыршасы Абай алаңына орнатылатын болады. Биылғы жылы сәндік-қалалық жаңа жылдық безендіру скиф-сақ жануарлық стилінде болады.