Алматыда заңсыз салыған тағы бір нысан бұзылды

0
386

Меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.


Алматыда заңсыз салыған тағы бір нысан бұзылды

ERNUR.KZ. Алматыда Қайрат шағын ауданындағы заңсыз нысан бұзылды, деп жазады stan.kz.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қайрат шағын ауданы, Дәулеткерей көшесі, 61-үй мекенжайында ірі күрделі құрылыс бұзылды. Меншік иесі нысанды рұқсатсыз салған.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша басқарма меншік иесіне құрылыс-монтажды тоқтата тұруға және учаскені бастапқы күйіне келтіруге нұсқама берді. 316-бап “Объектiлердi және олардың кешендерін жобалау құжаттамасынсыз не белгiленген тәртiппен сараптамадан өткiзiлмеген жобалау” бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. Меншік иесі нұсқаманы орындамағасын іс сотқа жіберілді.

2024 жылғы 27 наурызда Түрксіб аудандық сотының шешімімен басқарманың талабы қанағаттандырылды. Меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап 35 заңсыз нысан толық немесе жартылай бұзылды, оның ішінде бизнес орталықтар, мейрамханалар, қосалқы ғимараттар мен автосервистер, сондай-ақ "Мечта" және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бар.