Алматыда зейнеткер әйел күйеуін өртеп жіберді

0
316

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда.


Алматыда зейнеткер әйел күйеуін өртеп жіберді

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Жақында Қазнетте күйеуіне керосин шашып, өртеп жіберген зейнеткер туралы ақпарат пайда болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің ұсталғанын түсіндірді. Ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп жазады zakon.kz.

Сондай-ақ, тілшінің сауалына полиция Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда.

Осыдан бірнеше күн бұрын тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Артынша интернетте Алматыда Ресей азаматының айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат пайда болды. Ақпараттық бюллетень авторының айтуынша, қаладағы пәтерлердің бірінен ер адамның бөлшектелген денесі табылған. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.