Алматыда жас қыз көпқабатты үйден секіріп кетті

0
185

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.


Алматыда жас қыз көпқабатты үйден секіріп кетті

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Бостандық ауданындағы "Комфорт" тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан жас қыздың секіріп, қаза болғаны жайлы ақпарат тарады, деп жазады baq.kz.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.