Алматыда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

0
526

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше өрт болған "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінің жанында болған.


Алматыда жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

ERNUR.KZ. 2005 жылғы жасөспірім Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше өрт болған "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінің жанында болған.

Полиция өкілдері аталған дерек ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

"Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметіндегілер.


Суреттерді куәгерлер түсірген

Еске салайық, түнде Алматыдағы Брусиловский көшесіндегі "Алтын бұлақ-2" тұрғын үй кешенінде өрт болды, 177 тұрғын эвакуацияланды. 27 адам құтқарылды, оның 6-ы бала.