Алматыда "Желтоқсан" саябағы ашылды

0
1 341

Саябақтың басты ерекшелігі - ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Түрксіб ауданында Желтоқсан саябағы ашылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Желтоқсан оқиғасының қатысушылары, зиялы қауым, қоғам өкілдері, тұрғындар жиналды.

Бұған дейін әкімдікте Желтоқсан ұйымдарының басшыларымен өткен кездесулерде олар осындай саябақты ашу туралы ұсынғаны хабарланған. Қала басшылығының мәліметінше, әртүрлі нұсқа қарастырылып, нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігінде ауданы 100 гектардан асатын ең үлкен жаңа саябақ ұсынылған. Рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы - шамамен 23 мың шаршы метр.

Қазіргі пандемияға қарамастан, саябақтың бірінші кезеңі аяқталды. Саябақта 13 ойын алаңы бар - 8 балалар және 7 спорт алаңы, оның ішінде воркаут алаңдары, мини-футбол және стритбол ойын алаңдары, сондай-ақ паркур ойын алаңы.

Саябақтың басты ерекшелігі - ұзындығы 1200 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді. Пирст Маяк ықшамауданы мен аудан орталығы арасындағы өзен көпіріне айналды.

2021 жылы саябақ жұмыстары жалғасады. Жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарды, сондай-ақ тоғайдың жасыл қорын қайта құру жоспарланып отыр.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен саябақты одан әрі дамыту Желтоқсан ұйымдарының басшылары мен іргелес аудан тұрғындарының пікірін ескере отырып жоспарланады.

Желтоқсан саябағының ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімдігінің, зиялы қауым және "Нұр Отан" партиясының өкілдері сөз сөйледі.

"Сіздерді келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Барлығымыз үшін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ерекше мәнге ие. Олар Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихына енген және халықтың жадында қалады. Бұл да жаңа "Желтоқсан" саябағының символикасы - жастарға сол оқиғаларды еске түсіреді", - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
"Біздің шағын ауданның аумағында осындай керемет саябақтың ашылғанына өте қуаныштымыз. Тарихи оқиғаның біздің елде осылай мәңгі есте қалғаны маңызды. Бұл жас ұрпақ үшін өте маңызды қадам. Жастар өз тарихын біліп, ата-бабалар рухын құрметтеуі керек", - деді "Маяк" шағын ауданының тұрғыны Айгүл Қалбаева.