Еріктілер оны троллейбустан тапқан.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Алматыда кеше таңертең жоғалып кеткен 9 жасар қыз аман-есен табылды, деп жазады 24.kz.
Тәртіп сақшыларының болжамынша ол күні бойы қоғамдық көлікте жүруі мүмкін. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын әлі де анықтайды. Патрульдік полиция қызметкерлері жеткіншекті ата-анасына тапсырды.
"Ең бастысы, бала дін аман. Полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы полициясы қызды табуға көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - деді Салтанат Әзірбек.