Полиция 32 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
ERNUR.KZ. Алматы полициясы тұрғындарға 6 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Полиция 32 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
«Бірнеше ай бойы өзін ҚР Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған К. есімді азамат жәбірленушілерге ауқцион арқылы нарықтан төмен бағада көлік алып беремін деп уәде берген. Ол таныстары арқылы сатып алушыларды тапқан. Алаяқтық дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Азаматтарға келтірілген материалдық шығын көлемі 6 миллионнан астам теңгені құрады. Тергеу барысында ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», — деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтады, бірақ жедел уәкілдер жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан тәртіп сақшылары осы адамның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Алмалы аудандық ПБ-ға немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-705-555-77-63; 8-775-747-77-78.