Алматыда жылу 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріледі

0
142

Биыл Алматыда 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған.


Алматыда жылу 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріледі

фото: maximovael94

ERNUR.KZ. Елімізде 2024-2025 жылғы жылыту маусымы аяқталуға жақын. Алматыда жылу 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, деп жазады sputnik.kz.
Алдымен әкімшілік ғимараттар, оқу орындары мен мәдениет нысандары, кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерде жылу өшіріледі.
"Жылыту маусымы ақаусыз өтті. Жылумен 404 білім беру мекемесі мен 128 медициналық мекеме қамтылды. Биыл 39 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған, бұл олардың тозуын 56,1%-дан 54,9%-ға дейін төмендетуге көмектеседі", - делінген хабарламада.
2024 жылы қалада 20 км жылу желісі жаңартылып, 85 қазандық жөнделді. Бұл жылу жүйесінің тиімділігін айтарлықтай арттырып, жылыту маусымын апаттық жағдайсыз аяқтауға мүмкіндік берді, дейді әкімдіктегілер.