Зардап шеккендер бар ма?
ERNUR.KZ. Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазад inbusiness.kz.
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізілді.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт толық сөндірді. Өрт болған жерде жылыту пункті ұйымдастырылды.