Алматыдағы лай көшкінінен кейінгі алғашқы минуттың видеосы пайда болды

0
349

Көршілер үйдің қожайындарына қоңырау шалуға тырысқанымен, ешкім жауап бермеді.


Алматыдағы лай көшкінінен кейінгі алғашқы минуттың видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы лай көшкінінен кейінгі алғашқы минуттың видеосы пайда болды. Бейнені жоғалған отбасының қарама-қарсы тұратын көршісі түсірген, деп жазады tengrinews.kz.

Видеодан көшкін түнде жүргенін көруге болады. Бүкіл аула балшыққа толы. Көршілер үйдің қожайындарына қоңырау шалуға тырысқанымен, ешкім жауап бермеді.

Назар аударыңыз! Бейнеде балағат сөздер бар.


Видео авторы Ерланның айтуынша, ол көрші үйде тұрады.

"Бір дыбыс естілді, күн күркіреді ме деп ойладым. Бірақ күн күркіреуі үшін тым ерте болды. Сыртқа шықсам, көршінің бәрі қаша бастады. Артынша лай көшкіні де жүрді", - деді ер адам.

"Барлығы жүгіріп шығып, жиналып, мектепке қарай бет алды. Барлық бала жиналды. Содан кейін өрт сөндірушілер, ТЖ және тағы басқа қызметкерлер шақырылды. Ал көршілердің үйін басып қалды. Қатарынан қызметтер де келе бастады. Алдымен полиция, содан 15-20 минуттан кейін төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері келді. Олар жағдайды көріп, кинологтарды шақырды, өйткені ол үйде төрт адамнан тұратын отбасы тұратын еді", - деп қосты ол.