Алматыдағы митинг кейінге қалды

0
720

Митинг Махатма Ганди атындағы саябақта өтуі керек болған.​


Алматыдағы митинг кейінге қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 20 маусымда жануарлардың құқығына байланысты өтуі керек болған митинг кейінге қалды, - деп жазады тengrinews.kz.

Олардың айтуынша, митинг 20-21 маусымда енгізілген шектеуге байланысты өтпейді.

"Өкінішті, бірақ митинг кейінге қалды, әзірше қай күні болатыны белгісіз. Бірақ! Бұл кейінге қалдыру, болмайды деген сөз емес. Біз атқарған жұмыс - біздің жұмысымыз, ол өте маңызды әрі қажет және біз оны қолдана аламыз! Қазір жалпы не істеу керегін ойластырып жатырмыз, бәлкім қандай да бір видео түсіреміз не флешмоб ұйымдастырамыз", - дейді зооқорғаушылар.

Еске салайық, митинг 20 маусым сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Жароков-Шевченко-Гагарин-Жамбыл атындағы көшеде орналасқан Махатма Ганди атындағы саябақта өтуі керек болған.