Осыған байланысты Атырау-Алматы рейсі жоспарланған уақытынан кешігіп ұшады.
ERNUR.KZ. Air Astana компаниясы ұшақ қозғалтқышына құстардың түсіп кетуіне байланысты Атырау-Алматы рейсі кешігетінін хабарлады, деп жазады Sputnik.kz.
"Бүгін КС877 Алматы-Атырау рейсін орындаған Airbus A320 әуе кемесін тексеру кезінде қозғалтқышқа құстардың түскені анықталды. Ұшақтың техникалық жай-күйін бағалау үшін бортты пайдалану уақытша тоқтатылады", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты КС878 Атырау-Алматы рейсі жоспарланған уақыттан кешігіп ұшады, деп ескертті компания.