Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде қос қозғалтқышқа құстар түскен.
ERNUR.KZ. Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың қос қозғалтқышына құстар кіріп кеткен, деп жазады ҚазАқпарат.
«Экипаж мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде қос қозғалтқышқа құстар түскен. Airbus A320 әуе кемесі тамыздың 28-інен 29-ына қараған түні КС955 «Алматы – Нұр-Сұлтан» рейсін орындап келе жатқан.
Қону штатты режимде өтті. Ұшу аяқталғаннан кейін тексеретін инспекция қозғалтқышқа құстардың кіргенін растады», - делінген авиакомпания мәліметінде.
Еске салайық, бұған дейін Аir Astana авиакомпаниясының «Ыстанбұл –Алматы» бағытындағы ұшақ қозғалтқышына құстар түсіп кеткен болатын.
Бірер күннен кейін аталған әуе компанияның «Нұр-Сұлтан –Алматы» рейсіндегі ұшақ қозғалтқышынан құс іздері тағы табылды.