Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті

0
921

​Әуе кемесі Павлодарда қалды, ол инженерлік-техникалық тексерістен өтеді.


Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті

ERNUR.KZ. Павлодар әуежайында FlyArystan ұшағына жай түсті, деп жазады sputniknews.kz.

Ұшақ Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған.
"Инженерлер әуе кемесіне жай түскенін растады. Ұшақ Павлодарда қалады, борт техникалық тексерістен өтеді. Оқиға орнына инженерлер жіберілді", - деп мәлімдеді FlyArystan лоукостерінің PR-менеджері Ләзат Нәбиева.
Ол техникалық регламент бойынша инженерлік-техникалық тексеріс өткізу қажет екенін нақтылады.

Төртінші шілде күні сағат 18.55-те 133 жолаушы Павлодардан Алматыға уақытында ұшып шыға алмады. Оларға астанадан басқа борт жөнелтілді, осылайша рейс төрт сағатқа кешікті. Рейсті күткен жолаушыларға тамақ пен сусын берілді.

"Қазгидромет" синоптиктері Павлодарда найзағай жарқылдап, нөсер жауын жауып, дауыл соғатынын ескерткен болатын.