Алматылық қызды Оңтүстік Кореяға жыныстық құлдыққа жібермек болған адам ұсталды

0
1 013

Нәтижесінде 31 жастағы әйел ұсталды.


Алматылық қызды Оңтүстік Кореяға жыныстық құлдыққа жібермек болған адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда 24 жастағы қызды Оңтүстік Кореяға жыныстық құлдыққа мәжбүрлеп жібермек болған келіншек ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицияға әйел адам жүгінген.

Оның айтуынша, 24 жастағы қызын бір әйел Оңтүстік Кореяға жыныстық қызмет жасауға мәжбүрлеген екен.

«Бұл дерек ҚР ҚК 308-бабымен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Біздің бөлімше қызметкерлері жедел шараларды атқарып, нәтижесінде 31 жастағы әйел ұсталды. Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу жұмыстары барысында әйелдерді шетелге жіберу тетігі мен оған қатысты адамдар анықталады», - деді қалалық Полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.