Алматылық оқушы жаңбырды жасанды жолмен жауғызатын технология ойлап тапты

0
483

Кейінгі үш жыл «Наноспутник» жобасымен айналысып келген Алматы қаласы гимназиясының 10-сынып оқушысы Шолпан Амангелді жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды.


Алматылық оқушы жаңбырды жасанды жолмен жауғызатын технология ойлап тапты

ERNUR.KZ. Астанада жас инноваторлардың халықаралық ғылыми форумы өтті, деп жазады ҚазАқпарат.

Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты алаңында өткен жас өнертапқыштардың VI мектебі аясындағы халықаралық форум Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне және Халықаралық зияткерлік меншік күніне орайластырылған.

Форумды құттықтау сөзімен ашқан Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ведомство жүзеге асыратын мемлекеттік саясаттың маңыздылығын, зерттеушілер мен инноваторлардың өз идеялары мен инновацияларын сақтауға мүмкіндік беретін, заңсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз ететін, негізгі катализатор – зияткерлік меншік рөлін атап өтті.

Қазақстан мен Қырғызстанның жас ғалымдары өз жобаларын таныстырды: «Цифрлық ресурстар мен бағдарлама құру», «Иттердің сүт безі обырының патогистологиялық диагностикасы», «Тау жағдайында туннель қазуға арналған бұрғылау станоктары» және т.б., содан кейін барлық қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, спикерлерге сұрақтар қойды.

Кейінгі үш жыл «Наноспутник» жобасымен айналысып келген Алматы қаласы гимназиясының 10-сынып оқушысы Шолпан Амангелді жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Жас өнертапқыштың айтуынша, «Наноспутник озон қабатының күйін зерттейді, жер маңайындағы кеңістіктің астрономиялық қозғалыстары жер сілкінісін болжай алады, сонымен қатар құрғақ климатты аймақтар үшін маңызды болатыны – аудандарға жасанды жаңбыр шақыруына ықпал ете алады».

Түрлі халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары атанған талантты оқушыларға Жас өнертапқыш мектебі алғаш рет ғылыми форум форматында өтіп отыр.

«Ғылымдағы балалар» жобасының қатысушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, басқа оқушылардың жаңа жетістіктеріне шабыт берді.

Іс-шараны QAZPATENT және «International Center of Scientific Collaborations» ЖМ бірлесіп ұйымдастырды.