Полицияға істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасында футболдан турнирді ұйымдастырғандар да шақырылған.
ERNUR.KZ. Алматыда футбол матчынан кейін мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды, деп жазады zakon.kz.
Видео Egov.press telegram-каналында жарияланды.
Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Төбелеске қатысушылар іс жүргізу үшін полиция басқармасына жеткізілді. Олардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар полицияға істің мән-жайын анықтау үшін мектеп оқушылары арасында футболдан турнирді ұйымдастырғандар да шақырылған.