​Алматылық зейнеткерлер жаттығу залдарына тегін жолдама алды (видео)

0
1 748

Қариялар спорттың сан түрімен айналысып жүр.


​Алматылық зейнеткерлер жаттығу залдарына тегін жолдама алды (видео)

фото:chuguev.by

ERNUR.KZ.Алматыда Медеу ауданының белсенді қарттар қауымы салауатты өмір салтын насихаттауға жаңа серпін берді, деп жазады almaty.tv.

Қариялар спорттың сан түрімен айналысып жүр. Бүгінде екі мыңға жуық егде жастағылар тегін тіл курстары мен жаттығу залына жолдама алып, қызметпен қамтылуда.

Жұмагүл Орынбаева бос уақытында спортпен айналысқанды ұнатады. 68 жастағы зейнеткер енді жаттығу залына баруды әдетке айналдырмақ. Салауатты өмір салтын ұстанатын ақ жаулықты ана бір күннің өзінде бірнеше құралда бой сергітуді үйренді. Енді екі ай бойы тегін шыныға алады. Орталық басшылығы қарт анадан бөлек, Медеу ауданындағы 19 зейнеткерге тегін жолдама табыстады.

«Мен барлық қарт адамдарды, зейнеткерлерді осындай жерге шақырамын. Өзім қазір осыны өтіп жатырмын. Маған өте ұнайды. Осы бағдарлама, осындай жаттығу құралдары бізге өте пайдалы болады деп ойлаймын. Мұндағы жаттықтырушылар да бәрін де үстірт емес, жан-жақты үйретіп жатыр. Біз тіпті орындыққа дұрыс отыра алмайды екенбіз ғой», – деп ризашылығын білдірді зейнеткер ЖҰМАГҮЛ ОРЫНБАЕВА.


Алматыда жүзеге асырылып жатқан «Белсенді ұзақ өмір» жол картасының аясында қарттардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін түрлі шаралар қолға алынған. Егде жастағы азаматтар шет тілін де меңгеріп жүр. Одан бөлек, қарттар қызметпен де қамтылуда. Оларға арнап бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Біздің қазіргі мақсатымыз күнімізді, сағатымызды дұрыс есептеп, жылымызды ұзарту үшін балаларымыздың қызығын, немерелеріміздің қызығын, шөберелеріміздің қызығын көру. Күн сайын спортпен айналысып, тағамды дұрыс ішіп, таңертең мезгілінде оянып, режимді сақтасақ мақсатымызға жетерміз деген ойымыз бар», – деді Алматы қаласы Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ким СЕРІКБАЕВ.

Қазіргі таңда Медеу ауданында 27 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Соның ішінде, ауданда іске асырылып жатқан түрлі шараға екі мыңға жуық зейнеткер тартылып отыр. Ал қала бойынша тұрғындардың 12 пайызын зейнеткерлер құрайды.