Алматылықтар пайызсыз несие алып беремін деген адвокатқа алданып қалды

0
601

Заң компаниясында заңгер ретінде жұмыс істейтін ол сайтты қолдана отырып, ол азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы пайызсыз несие алуға көмек көрсетуді ұсынған.


Алматылықтар пайызсыз несие алып беремін деген адвокатқа алданып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 1992 жылы туған ер адам қала тұрғындарын пайызсыз несие алып беруге уәде беріп, алдаған. Суретті полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.

Заң компаниясында заңгер ретінде жұмыс істейтін ол сайтты қолдана отырып, ол азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы пайызсыз несие алуға көмек көрсетуді ұсынған. Тергеу барысында ол азаматтарға, тіпті несие тарихы нашар адамдарға да интернетте пайызсыз несие рәсімдеуге көмектесе алатыны туралы жалған хабарландырулар жариялағаны анықталды. Қарыз алушылармен келіссөздер тек WhatsApp мессенджері арқылы жүргізілген. Ер адам өз қызметтері үшін төлемді электронды аударым арқылы алып отырған, содан кейін хабарландыруды жойып, ұялы телефонын өшіріп тастаған.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол қамауға алынды. Қазір үш жәбірленуші өтінішпен жүгінді.