Алтын бағасы тағы да күтпеген жерден өзгерді

0
110

9:22-дегі жағдай бойынша, алтын 4 176 доллар деңгейінде саудалануда.


Алтын бағасы тағы да күтпеген жерден өзгерді

Фото: pexels

ERNUR.KZ. 2025 жылдың желтоқсан айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы Нью-Йорктің тауар биржасына қарасты Comex алаңында тарихи максимумды жаңартты – бір трой унциясы 4 182 доллар болды, деп жазады zakon.kz.

Биржа мәліметіне сәйкес: Қазақстан уақытымен 04:06-де алтынның бағасы 1,97% өсіп, 4 150 доллар болды. Ал, 04:59-да бағаның өсуі сәл баяулап, 4 146,5 доллар көрсетті (+1,88%).

Тағы бір дерек бойынша, 04:06-да баға 4 138,1 доллар деңгейінде болған (+1,68%).

Ал, 09:22-дегі жағдай бойынша, алтын 4 176 доллар деңгейінде саудалануда.