Анасы көз жұмды, бала ауруханада: Павлодар облысында жол апаты болды

0
2 521

"Фольксваген" автокөлігінде болған жолаушы – 33 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.


Анасы көз жұмды, бала ауруханада: Павлодар облысында жол апаты болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы жол апатынан жеңіл көлік жолаушысы көз жұмып, баласы ауруханаға жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.

22 ақпанда сағат 12:30 шамасында Қалқаман–Керней автожолының 89-шы шақырымында "Фольксваген" және "Лада Ларгус" көліктері соқтығысты.

"Фольксваген" автокөлігінде болған жолаушы – 33 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның 2007 жылы туған ұлы түрлі жарақатпен Баянауыл орталық аудандық ауруханасына жатқызылды, деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Жасөспірімде жабық бас сүйек-ми жарақаты, миының шайқалуы және омыртқаның бел жақ бөлігінің зақымдалуы тіркелген.

Апат орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.